Азия ойындарына бөлінген қаражат талан-таражға түсті
Азия ойындарына бөлінген қаражат талан-таражға түсті. Қаржылық мониторинг агенттігі Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Олар Ұлттық құрамаға арналған спорттық аяқ киім мен рюкзактарды өте төмен сапада сатып алған деген күдікке іліккен. Ал бағасын үш есе көтермелеп көрсеткен. Әрі Қытайдан жеткізілген тауардың отандық өнім екені туралы жалған құжат ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келді. Еске салайық, Қазақстан құрамасының спортшылары бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданған еді. Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды