Бағдагүл емші Тамара Асар мен Аша Матайға неге шүйлігіп отыр?

15.07.2026 11:55 Мөлдір ҚАЙНАР
Бағдагүл емші Тамара Асар мен Аша Матайға неге шүйлігіп отыр?
82
Фото: коллаж politico.kz

Ианымал ақтөбелік сынықшы Бағдагүл әлеуметтік желіде үндеу жасап, әнші Тамара Асар мен тележүргізуші Аша Матайдың Құрылтай депутаттығына сайлануына түбегейлі қарсы екенін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz 

Емшінің пайымдауынша, өнер адамдарынан ел мен халыққа келер ешқандай пайда жоқ. Ол депутаттықтан үміткер танымал тұлғаларды ел мүддесін қорғай алмайды деп есептейді.

"Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар! Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Қайдағы құрылтай саған? Халық үшін бір затқа тұра алмаған адамға ол жерге барудың қажеті жоқ! Ол жерге барып не істемекшісің? Орындықты сасытасыңдар ма Аша Матай екеуің?", – деді Бағдагүл сынықшы.

Сонымен қатар халық емшісі өнер өкілдерінің саясатқа араласпай, өз ісімен ғана айналысқаны дұрыс болатынын алға тартты. Ол мемлекет тағдырының ойыншық емес екенін қатаң ескертті.

"Не жетпейді саған? Әніңді сал да, қыдырсайшы! Бізге Аша Матай, Патайдың керегі жоқ! Қазақстан сендерге ойыншық емес. Оны құру үшін біздің ата-бабамыз жер жастанған. Балға жиналған ара сияқты керегі жоқ", – деп толықтырды ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий