«Бағуға міндетті емеспін!»: Блогер Самат Бекебаевтың апасы қайыр сұрап жүр
Әлеуметтік желіде блогер Самат Бекебаевтың жеке басына қатысты ақпарат қызу талқыға түсіп, «Самат блогердің апасы садақа сұрап жүр» деген видео тарап кеткеннен кейін, ол бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Басыма бәле болған сол видеоға коментарий беремін. БАҚ өкілдері мұны мұқият оқып, дұрыс ақпарат таратса екен. Біріншіден, мен ешкімді бағуға міндетті емеспін. Бұл — өмір заңдылығы. Мені бағып-қаққан әке-шешем емес, халық. Мен халықтың салығымен өстім», — деп жазды ол.
Осы ойын жалғастыра отырып, блогер отбасы мүшелерінің өзі үшін маңызы туралы айтты:
«Маған қажет кезінде жанымда болмаған апам қазір маған керек деп ойлайсыздар ма? Қандай жағдай болса да, менің тағдырымды сол ақпаратты бұрмалап жіберген блогердің ұл-қыздары көрсін деп тілеймін. Алладан осыны сұраймын. Алла менің тілектерімді осы уақытқа дейін қабыл етіп келді, әрі қарай да қабыл етеді деп сенемін».
Сөзінің соңында ол өз балалық шағына тоқталып, қоғамға сұрақ қойды:
«Құрметті халқым, мен балалар үйінде өстім. Енді сіздерге сұрақ: маған апа, ата, туысқандар маңызды ма? Әлде бала кезімде балалар үйінде тәрбиелеген апайларым маңызды ма?»
Соңғы жаңалықтар