«Бала есінен танып қалған»: Оралда ер адам 5 жасар қызды зорлаған

05.12.2025 10:01 Мөлдір Талғат
«Бала есінен танып қалған»: Оралда ер адам 5 жасар қызды зорлаған
0
65
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы ұрлап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Мой город» басылымы таратқан мәліметке сәйкес, сот оны кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

«Сотталушы жәбірленушінің сыртқы келбетінен оның кәмелетке толмаған бала екенін анық біле тұра, тәтті сатып әперіп, алдау арқылы оны адам жоқ жерге ертіп кеткен. Осылайша жәбірленушіні ұрлап, сол жерде заңсыз ұстап, кәмелетке толмағанның жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған», – деп хабарлады сот.

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Оқиға 22 тамызда Тасқала ауданында болды. Бес жасар қыз дүкенге ер адаммен бірге кетіп, қайтып оралмаған. Бір тәуліктен кейін олар орман алқабынан табылды. Күдікті қатты мас күйінде ұйықтап жатқан, ал бала ес-түссіз болған. Қыз ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер баланың сексуалдық сипатта зорлық көргенін және шок жағдайында екенін растады.

Ер адамның бұрын ауыр қылмыс үшін сотталғаны және жазасын әлі өтеп болмағаны анықталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий