Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерді қайтарды

Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерді қайтарды
Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асыловтың атқарылған жұмыстар туралы есебі ұсынылды. Кездесу барысында мемлекетке қайтарылған активтерді жұмсау бағыттары мен халықаралық ынтымақтастық нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайтарылған қаражат есебінен елімізде әлеуметтік инфрақұрылымның 466 обьектісін салу және қайта жөндеу жұмыстары қаржыландырылды. Бүгінгі таңда олардың 378-і толық аяқталды.

Сонымен қатар, қадағалау органдары мемлекеттік қаражатты жұмсау кезінде жіберілген 535 миллиард теңгелік заңбұзушылықтардың жолын кесті. Нәтижесінде бюджетке 66,4 миллиард теңге қайтарылды.

Халықаралық ынтымақтастық бағытында да бірқатар маңызды қадамдар жасалды:

Әлемнің 39 юрисдикциясымен 92 шарт пен келісімге қол қойылды;

Қазақстанға 50 адам экстрадицияланды;

Өзге шет мемлекеттердің сұрауы бойынша 123 тұлға өз еліне қайтарылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу