"Басқа маңызды нәрсемен айналысамын": Жансая Әбдімәлік болашаққа жоспарын айтты

15.10.2025 15:46
0
51

Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желі қолданушыларының сауалына жауап берді деп хабарлайды POLITICO.KZ

 

Шахматшы Instagram желісіндегі оқырманымен stories арқылы тілдесті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Жансаяның шахматқа қашан оралатынын сұрады. Спортшы шахмат тақтасына әзірге оралмайтынын айтты.

"Шахмат әрқашан менің өмірімнің бір бөлшегі болып қала береді, бірақ дәл қазір мен тағы бір маңызды кезеңді бастан кешіріп жатырмын: отбасы, ана болу және ішкі жан дүниемді қалпына келтіру. Шахмат тақтасына қайта оралғым келетінін сезгенде ораламын. Егер қаламасам, демек басқа маңызды нәрсемен айналысамын", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, тамызда халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанған еді.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шықты.

2024 жылы спортшы әлеуметтік желіде спортты уақытша қоя тұратынын мәлімдеді. Әбдімәлік үзіліс жасау туралы шешкім қабылдағанын, бірақ мансабын толығымен аяқтауды жоспарламағанын баса айтты

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий