«Басқа қыздан баласы болуы мүмкін»: Қайрат Нұртас жайлы тараған дерек рас па?

04.06.2026 08:24 Мөлдір ҚАЙНАР
«Басқа қыздан баласы болуы мүмкін»: Қайрат Нұртас жайлы тараған дерек рас па?
550
Фото: ашық дереккөз

TikTok желісінде психолог Бибігүл есімімен танылған қолданушы әнші Қайрат Нұртас пен оның отбасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол карталар арқылы болжам жасап, Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ойын айтты.

«Қайраттың адам ретінде қандай екенін білмеймін, бірақ әнші ретінде жақсы көремін. Ал Жұлдыз тәкаппарлығы басым, өзінше әйел сияқты. Мен өз атымнан айтпаймын, тек картадан шыққан нәрсені оқимын. Екеуінің арасында бір сызат бары рас. Тіпті жасырын оқиға да бар. Бір қызды жүкті етіп қоюы әбден мүмкін. Бірақ не болса да өз отбасына қарай басын бұрып отыр», – деді ол.

Аталған пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік мұндай болжамдармен келіспейтіндерін айтып, түрлі пікір қалдырды.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме нақты дерекке емес, TikTok қолданушысының жеке болжамы мен карталар арқылы жасаған пайымына негізделген.

Войдите, чтобы оставить комментарий