«Бата алуға барған жоқ»: Света Айтбаева Димаш пен Жүрсін Ерманның видеосына қатысты жауап берді

16.07.2026 15:01 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бата алуға барған жоқ»: Света Айтбаева Димаш пен Жүрсін Ерманның видеосына қатысты жауап берді
513
Фото: коллаж politico.kz

Әнші Димаш Құдайбергеннің әуежайда ақын Жүрсін Ерманмен кездескен сәті желіде қызу талқыланып, кейбір қолданушылар ақынның суық қабақ танытқанын айтып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Осы жағдайға байланысты орындаушының анасы Света Айтбаева журналист Ербол Мәндібектің Facebook парақшасында пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Света Айтбаеваның айтуынша, бұл оқиға әуежайда кездейсоқ болған және Димаш бала кезден үлкенді сыйлап өскендіктен, тек сәлем беру үшін жақындаған.

"Біздің үйдің балалары ата-әженің бауырында өскен балалар. "Үлкен кісі көрсең, жүгіріп барып сәлем бер!" дегенді естіп өсті. Бұл жағдай әуежайда болған оқиға. Тіркеуден өтіп, ішке кіріп келе жатқанда Жүрсін аталарына сәлем берді, арнайы бата алуға барып тұрған жоқ", – деді Света Айтбаева.

Сонымен қатар әншінің анасы ақынның денсаулығы мен жолдан шаршағанын ескеріп, қоғамда орынсыз дау тудырмауға шақырды.

"Ол кісі де жолдан шаршап отырған болар. Денсаулығы да сыр беріп жүргенін білесіздер, артық әңгіме айтпаған жөн. Қазақтың өнеріне қызмет еткен тұлға ғой, ең алдымен сол еңбегін бағалаймыз. Димашқа бар қазақтың пейілі дұрыс, елдің батасымен қанаттанып жүрген бала ғой. Атасына сәлем берді, бастысы – осы", – деп толықтырды әншінің анасы.

Войдите, чтобы оставить комментарий