Баян Алагөзова отбасымен Гонконгтағы демалысын көрсетті
Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі мен қыздарымен бірге шетелде өткізген сәттерін бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz
Желіде жарияланған видеода өнер иесі отбасымен кешкі уақытта Гонконг қаласын аралап жүргенін көруге болады. Кадрларда Баян жұбайымен бірге балалар арбасын итеріп, мегаполистің түнгі көрінісін тамашалап, жайлы серуендеп жүр. Отбасының бір-біріне деген жылылығы мен үйлесімі көрермендердің көңілін елжіретті.
Бейнежазбаға әнші «Гонконг» деп қысқа ғана сипаттама қалдырған.
Жазба көп ұзамай желі қолданушыларының ықыласына бөленді. Көпшілік Баян Алагөзованың отбасылық бақытын атап өтіп, жылы пікірлерін жарыса жазды.
«Тамсандым!», «Өте сүйкімді, берекелі отбасы. Балалары да бақытты көрінеді», «Бақыттың жасы болмайды екен», — деп жазды оқырмандар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды