Баян Алагөзова журналистің бетіне сағызын түкіріп жіберді

10.04.2026 11:12 Мөлдір Талғат
Баян Алагөзова журналистің бетіне сағызын түкіріп жіберді
1037
Фото: коллаж sn.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова мен журналист Шолпан Есмағамбетованың қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, бір тәуліктің ішінде екі миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Politico.kz.

Көпшіліктің назарын аударған роликте журналист Баянға үйі мен қымбат дүниелері туралы өткір сұрақтар қояды.

"Баян, мен сіздің үйді түсірген видеоны қарап шықтым. Не болды соншама, тряпкілерге өліп? Гуччи, чмучи деп? Не болды соншама, қасқа-ау?!" – дейді Шолпан Есмағамбетова.

Видео барысында Баян Алагөзова еш саспай, сағыз шайнап отырып, күтпеген әрекет жасайды. Ол сағызын түкіріп жіберіп, ол журналистің бетіне тиеді.

Алайда кейін бұл көріністің арнайы қойылым екені белгілі болды. Яғни, аталған видео – алдағы сұхбаттың назар аударту мақсатындағы пранк-жарнамасы.

Желі қолданушылары видеоны жоғары бағалап, түрлі пікір қалдырған.

"Керемет шыққан!",
"Базар жоқ!",
"Баянның жауабынан ләззат алдым",
"Байлар қалай өмір сүрсе де өзі біледі", – деп жазуда олар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий