Баян Алагөзованың қазіргі жұбайы Тұрсын Алагөзов туралы ақпарат тарады

12.05.2025 17:05 Берік Арманов Берік Арманов
Баян Алагөзованың қазіргі жұбайы Тұрсын Алагөзов туралы ақпарат тарады
0
1241

Продюсер Баян Алагөзованың қазіргі жұбайы Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат оның тарапынан болған қысым мен жеке таңдауы туралы Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ляйсираның айтуынша, кезінде ол Тұрсынмен отбасылы болған кезде, жұбайы оған құрбыларымен араласуды тоқтатуды талап еткен.

«Бір кезде күйеуім: “Сен олармен араласпауың керек. Өйткені бұл – ұят нәрсе”, – деп ультиматум қойды. “Таңда — мен немесе олар” деді. Мен оны таңдадым. Сол сәтте өзімдікі болуға деген құқымды таптап, ажырасқаннан кейін өз болмысын қайта тапқан, бақытты өмір сүріп жүрген құрбыларымды сатып кеттім. Кейін өзім де ажырасып, сол құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір қайтадан араласып жүрміз», – деп жазды Ляйсира.

Ол бұл әрекетін өзіндік еркіндікке жасалған сатқындық деп бағалап отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий