Байден Трамптың әрекетін сынға алды

Байден Трамптың әрекетін сынға алды
16.04.2025 10:52
0
363
Ашық дереккөз
Джо Байден Трамп әкімшілігін әлеуметтік қауіпсіздік жүйесіне зиян келтірді деп айыптады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Ақ үйден кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Чикагода өткен конференцияда Джо Байденге «Үміт шамшырағы» атты марапат табысталды. Іс-шараны америкалық телекомпаниялар тікелей эфирде көрсетті.

Сөз барысында экс-президент қазіргі президент Дональд Трамптың екінші мерзімін қатаң сынға алды. Ол Трамп әкімшілігінің Әлеуметтік қамсыздандыру агенттігіне және жалпы мемлекеттік қызметке тигізген залалын ерекше атап өтті.

«Жаңа әкімшілік небәрі 100 күннің ішінде қаншама зиян келтіріп, бәрін тас-талқан етті. 7 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан кетті, олардың арасында ең тәжірибелі кадрлар да бар. Алдағы уақытта тағы мыңдаған қызметкерді қуып шығаруға дайын отыр», — деді Байден.

Ол Трампты атымен атамай, «мына жігіт» деп сипаттады. Бұдан бөлек, Байден АҚШ-тағы нәсілдік әділетсіздікке де тоқталып, бұл мәселенің ушығып тұрғанын жеткізді.

Экс-президент Иллон Маскты да астарлап сынға алды. Ол жаңа әкімшіліктің үкімет жұмысын стартап мәдениетіне ұқсатып жүргізіп жатқанын айтып, «Алдымен атады, кейін ғана нысананы көздейді. Соның салдарынан халық орынсыз күйзеліске түсіп жатыр» деді.

Байден елдің қазіргі жағдайына алаңдап, АҚШ-тың тарихта болмаған деңгейде екіге жарылғанын айтты. «Бүгінде елдің 30 пайызы жүрексіз болып қалғандай», — деді ол.

Сондай-ақ, ол Республикалық партия өкілдерін әлеуметтік қамсыздандыру агенттігін әдейі күйретіп, 2017 жылғы байларға арналған салық жеңілдіктерін ұзартып, триллиондап пайда көруді көздеп отыр деп айыптады.

«Олар әлеуметтік қорды тонап, 5 триллион доллардың салық жеңілдігін жалғастырмақшы. Ақшаны қайдан алады? Әрине, мемлекеттік қарызды арттыру арқылы. Олар үнемі осылай жасайды», — деді Джо Байден.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий