"Байлап қойыңдаршы": Қанат Әлжапбаров тойға мобилографпен келгендерді сынап тастады 

25.12.2024 17:34
0
65
Instagram/alzhapbarov

Отандық танымал әзілкеш Қанат Әлжапбаров той үстінде ашуға булығып, мерекелік кешке мобилографымен келген жұлдыздарды сынап тастады. Өнер иесі видео түсіріп жүрген көпшілік қалған қонақтарға тойды тамашалауға кедергі келтіретінін жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қанат Әлжапбаровтың той кезіндегі видеосы Tik-Tok желісінде тарап кеткен. Белгілі әзілкешке мобилографтардың думанды тойдағы әрекеті жақпай қалған. Ол видео түсіретін маманмен жиынға келетіндерге үндеу жасап, той қонақтарына кедергі келтірмеуін сұрады. 

"Мына жердегі қарғыс атқыр мобилографтар былай тұрыңдаршы. Халық көрсін, өтініш, кетіңдерші. Мобилографтардың егесі бар ма? Байлап қойыңдаршы. Мен түсінемін барлығына контент пен қаралым керек, сонда да әрі тұра тұрыңдаршы", – деп ашуланды Қанат Әлжапбаров. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или