«Бедеулік диагнозын қойды»: Танымал стендапер сырын ашты

15.01.2026 11:46 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Бедеулік диагнозын қойды»: Танымал стендапер сырын ашты
0
81
Фото: видеодан скриншот

Белгілі блогер әрі стендап-әртіс Жансая Мұратбекқызы «Мамский әңгіме» жобасына берген сұхбатында ұзақ уақыт бала көтере алмағанын және осы кезеңде қандай қиындықтарды бастан өткергенін шынайы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Politico.kz

Жансаяның айтуынша, оған бедеулік диагнозы қойылып, шамамен бір жарым жыл бойы ана болу арманымен күрескен. Осы уақыт ішінде бірнеше гинекологтың қабылдауында болып, әртүрлі ем қабылдаған.

«Әр дәрігер әрқалай ем жазды. Үш айдай гормонды дәрілер іштім, салдарынан салмақ қостым. Кейін репродуктологқа барып, алты ай бойы емделдік. Ай сайын тест нәтижесін күту  мен үшін ең ауыр кезең болды», — дейді ол.

Стендап-әртіс бұл уақытта тек физикалық емес, психологиялық қысымның да күшейгенін жасырмады. Әсіресе, әлеуметтік желідегі сұрақтар мен пікірлер жанын жаралағанын айтты.

«Оған қоса оқырмандар тарапынан қысым болды. Психологиялық стресс қатты әсер етті. Күйеуім де тексеруден өтті, оның денсаулығы жақсы екені анықталды. Ал дәрігер: “Сізде де бәрі дұрыс, қолдан келгенін жасадым” деп қысқа қайырды», — деп еске алды ол.

Алайда дәл осы қиын кезеңде блогерге ең үлкен тірек жолдасы болған. Оның сабырлы сөзі мен қолдауы Жансаяға үміт сыйлаған.

«Баламыз болмаса да, мен сенімен бақыттымын. Болса болады, болмаса тағдыр. Бәрін Аллаға тапсырдық», — деген сөздер жанын тыныштандырғанын айтады.

Ақыры, ұзақ күткен қуанышты хабар да жеткен. Жансая Мұратбекқызы 31 қаңтар күні жүктілігі жайлы білгенін айтып, бұл сәтті өміріндегі ең үлкен сыйлардың бірі деп бағалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий