Бес бала бар: Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып көз жұмды

Бес бала бар: Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып көз жұмды
02.03.2025 17:43
0
51

Маңғыстау облысында бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып қайтыс болды.

«Трагедия 2 наурыз күні Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жеті адамның мүрдесін тапты. Қайтыс болғандардың арасында бес бала бар», — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысы ТЖД мамандары қайғылы оқиғаға газ жабдығын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Белгілі болғандай, марқұмдар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары. Қайғылы оқиғаны тергеу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

«Қаза тапқан отбасының жақындарына барлық қажетті көмек, оның ішінде жерлеу рәсіміне қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында», – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий