"Бес жасымда ағам зорлады": Танымал стендап-комик Анар Бекет мәлімдеме жасады

19.01.2026 12:50 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
440
Фото: instagram/anarbeket

Қазақстандық танымал стендап-комик Анар Бекет әлеуметтік желіде жариялаған видео үндеуінде бала кезінде басынан өткерген ауыр сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ашық айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Мені 5 жасымда туысқан ағам зорлады. Менің атым Анар. Иә, бұл шынымен болған оқиға», – деп бастады ол видеоны.

Анардың айтуынша, ол 90-жылдарда қарапайым отбасында өскен. Ата-анасы көп жұмыс істегендіктен, оны жиі әжесі мен атасының үйіне қалдырып кететін болған. Дәл сол күндердің бірінде, ересектер шаруамен үйден шығып кеткен кезде, қорқынышты оқиға орын алған.

«Мен өте көңілді, шат-шадыман бала болдым, бірақ жиі ауыратынмын, сондықтан балабақшаға бармадым. Сол күндердің бірінде ата мен әже бір жерге кетіп, мені 17 жастағы ағаммен жалғыз қалдырған. Мен ештеңені түсінбейтін кішкентай қыз едім», – деп еске алды комик.

Ол кезде ата-анасы қыздарын дәрігерлерге жиі апарып, тексерткізген екен. Бірақ ешкім де сол шағымдарды зорлық-зомбылықпен байланыстыра алмаған сияқты.

«Ата-анам төмен жағымдағы шағымдарыма байланысты балалар гинекологына апарды. Сол кезеңде мені жаңағы ағамнан бірдеңе ұрладың деп ұстап алып, қатты ұрсып, жазалаған. Қазір барлық оқиғаны қайта саралап қарасам, ол менің кішкентай балалық кек алуым екенін түсіндім. Миымыз ауыр естеліктерді блоктап тастай алады. Менде біртүрлі флешбектер болатын, бірақ оны қалай түсіндіру керегін білмедім. Тек психологқа барғаннан кейін, анаммен сөйлескеннен кейін ғана бәрі анық болды», – деді Анар.

Видео соңында ол барлық ата-аналарға мынадай маңызды өтініш айтты:

«Балаларыңыздың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске мұқият болыңыздар. Олардың сөзіне құлақ асыңыздар және ешкімге соқыр сенбеңіздер».

Бұл ашық мойындау қоғамда үлкен резонанс тудырды және балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық тақырыбын тағы да күн тәртібіне шығарды. Анардың батылдығы көптеген адамдарға өз травмасын жеңуге және сөйлеуге күш беруі мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий