Бір адамның мыңнан астам пәтері бар: Қазақстанда ең ірі меншік иелері кімдер?
5460
Қазақстанда 1 267 азаматтың иелігінде 10-нан астам пәтер бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы TengriHOME-ға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша:
- екіден көп пәтері бар – 172 236 адам;
- бестен көп пәтері бар – 11 072 адам;
- 10-нан көп пәтері бар – 1 267 адам;
- 20-дан көп пәтері бар – 281 адам;
- 50-ден көп пәтері бар – 74 адам.
Бір жеке тұлғаның атына тіркелген пәтерлердің ең көп саны – 1 015.
Жалпы ел бойынша 3 470 289 пәтер тіркелген.
Бұл деректер тұрғын үй нарығында пәтерлерді жаппай сатып алатын инвесторлардың үлесі туралы сарапшылар пікірінен кейін белгілі болды. Мамандардың айтуынша, нарықтағы көптеген мәмілелерді қарапайым сатып алушылар емес, пәтерлерді тұтас подъездермен сатып алатын инвесторлар жасайды.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 447,3 млн шаршы метрді құраған. Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші – 25,1 шаршы метр (қалада – 27,4 шаршы метр, ауылда – 21,3 шаршы метр).
Соңғы жаңалықтар
01.06.2026
20:55
Өскеменде жоғары лауазымды судья парамен ұсталды
01.06.2026
20:33
Әлемдегі ең қымбат банан ұрланды
01.06.2026
20:05
ҰҚК Жамбыл облысының жер қатынастары басшысының...
01.06.2026
18:45
«Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшілері жаңадан...
01.06.2026
18:26
Атырау қаласы әкімінің орынбасары ұсталды – БАҚ
01.06.2026
17:17
“Дариға Бадықованы тағы да жеңдік“. Танымал заң...