«Біреудің өмірін бұзғаным жоқ» - Көпен Әмірбектің өзінен 36 жас кіші жары
864
Көпен Әмірбектің кіші жары Әйгерім Асанова «Астарлы ақиқат» бағдарламасында сатириктің өмірінің соңғы күндері, бірінші некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты.
Еске сала кетсек, Көпен Әмірбек 65 жасында өзінен 36 жас кіші Әйгерім есімді қызға үйленіп, одан Жұбаныш атты ұл сүйген еді. Ал бірінші жарынан 1 ұл, 1 қызы бар.
Көп ауырған жоқ. Біз өзіміз де тез кетіп қалады деп күтпедік. Асқазанына ота жасады. Соны көтере алмады. Жұбаныштың есімін «жасым келгенде жұбанайын» деп қойған еді. Жұбанышты өнерге жақындатқысы келмеді. Әскери салаға барса екен деп армандайтын. Бірақ үшке толысымен өзімен бірге алып жүретін. Құдай қанша ғұмыр берер дейсің, қасымда жүрсін әрдайым деп ертіп кететін. Кішкентай Жұбаныштың қызығын көріп, үйлендіріп, соның баласын құшағыма басып кетсем, ешқандай арманым жоқ дейтін. Өкінішке қарай, ол арманына жетпеді. Қазір Жұбаныш жігіт болып қалды. Тоғыз жасқа толды. «Абайдың туған күнінде туған, бұл өзі тегін бала емес» деп айтып отыратын. Жұбаныш та әкесі сияқты әзіл-қалжыңға жақын, - дейді Әйгерім Асанова.Сондай-ақ ол сатирикпен қалай бас қосқанын да баяндады.
Алланың алдында арым таза. Біреудің өмірін бұзғаным жоқ. Өзім әжемнің қолында өскеннен кейін болар, мектепте оқитын кезімнен үнемі үлкен адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Әжем «түзу сөйле, сөздің киесі бар» деп ұрсатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім де жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Балалар бір-бірімен араласып тұрады. Кеше де бірге болдық. Алматыға отбасылық бір шараға келдік, - дейді Әйгерім Асанова.Оның сөзін сатириктің келіні, үлкен ұлының зайыбы Гүлнар Әйтімова да растады.
Әйгерім – менің енем, арнайы Астанадан шақырып, ұлымызды қырқынан шығардық. Атам Әйгерімді өте қатты жақсы көретін еді. Оларда жастардікіндей махаббат болды. Ешкімнен ондай махаббатты көрмедім. Әйгерім атаны өте қатты жақсы көретін еді, бәрін жасады. Аяғына да массаж жасайтын, дәрілерін де уақытында беретін. Атаға баладай қарады, - дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
24.05.2026
12:37
“39 адаммен контакт болған”: Астанадағы балалар...
24.05.2026
11:45
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі тіркелді
24.05.2026
10:59
“Шағым көбейіп кетті”: Қазақстандағы наркология...
24.05.2026
10:18
“Қатыгездікпен өлтіріп, суға лақтырып тастаған”...
24.05.2026
09:25
Балқаштағы дәмханада қонақтар арасындағы жанжал...
23.05.2026
17:26
Атыраудағы қанды оқиға: Ақбаян Мұқанғалиевадан ...