Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов рақымшылық сұрап, өтініш берді

17.07.2025 • 11:49 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов рақымшылық сұрап, өтініш берді
910

Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылық алу үшін ресми түрде өтініш берді

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 шілдеде Байжанов жазасын өтеу мерзімін азайту мақсатында Степногор аудандық сотына амнистия заңы аясында өтініш тапсырған. Іс әлі қаралмаған, нақты қарау уақыты бекітілмеген.

Бұған дейін оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев журналисттерге берген сұхбатында, егер рақымшылық туралы заң қабылданса, Байжановтың жаза мерзімі үштен бір бөлігіне қысқаруы мүмкін екенін айтқан болатын. Бұл жағдайда жазасының шамамен сегіз айын кешіру ықтималдығы бар.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол атышулы іс аясында кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке 4 жылға сотталған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий