Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сотта қаралады

Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сотта қаралады
04.09.2025 23:00
0
46
Фото: видеодан скрин

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ұйымдастырған автокөлік пен смартфон ұтыстарына қатысты дау сотқа жетті. 5 қыркүйек күні, сағат 10:30-да Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында блогер Жанабыловқа (ИП «ЭЛЁР») қатысты іс қаралады, деп хабарлайды POLITICO.KZ елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру мәліметінше, Жанабылов Instagram-дағы zhanabylov_e аккаунты арқылы көлік, ақша және қымбат сыйлықтар ұтысын ұйымдастырған. Бұл әрекет заңсыз лотерея ретінде бағаланған.

Белгілі болғандай, 18-21 тамыз аралығында Жанабылов пен Толегенова 11 автокөліктің ұтысын жариялаған. Алайда күткен тікелей эфирдің орнына пайдаланушыларға 30 мың теңге тұратын «оқу курсына» сілтеме берілген. Ұтысқа қатысу құқығы тек осы курсты сатып алғандарға берілген. Бұл қоғамда үлкен сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсуіне себеп болды.

Туризм және спорт министрлігі еске салғандай, лотерея ұйымдастыру құқығы тек ресми операторлар мен агенттерге тиесілі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий