Болат Назарбаевтың немересі жариялаған сурет елдің ашуын туғызды

18.01.2026 14:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Болат Назарбаевтың немересі жариялаған сурет елдің ашуын туғызды
0
74
Threads

Threads әлеуметтік желісінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаев пен оның немересі түскен сурет қоғамда кең талқылауға ұласты, деп хабарлайды Politico.kz

Суретті @bolatovadiii аккаунты жариялап, жазбаға «Жатқан жеріңіз жайлы болсын, ата» деп жазған. Ашық деректерге сәйкес, бір тәулік ішінде жазбаны 900 мыңнан астам адам көріп, мыңдаған пікір қалдырған. Пікірлердің басым бөлігі сыни сипатта болды.

Желі қолданушылары аккаунт иесін марқұмның немересі болуы мүмкін деп болжауда. Жазба Threads платформасында қысқа уақыт ішінде кең таралып, қоғамдық резонанс тудырды.

Ең көп лайк жинаған пікірлер де қоғамдағы көңіл күйді анық көрсетеді:

– «Масқара, адамдар не жазып жатыр. Бәрімен келісем!»
– «Өлген адам туралы жаман сөз айтуға болмайды дейді, бірақ бұл қағида Болатқа жүрмейді»
– «Масқара. Адамдардың жазбайтыны жоқ. Естен адастыңдар ма? Барлығына лайк басып үлгермей жатырмын»

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий