“Болат Назарбаевтың“ туыстарының үйіне полиция неге жиналғаны белгілі болды
2161
14 қарашада Алматы облысы Қарғалы ауылында тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желілерде "үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деген ақпарат тарады, - деп хабарлайдыPOLITICO.KZ Massaget.kz сайтына сілтеп.
"Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейді көргенін айтты", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Болат Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. 2023 жылы 13 қарашада қайтыс болды.
Алматы облысының Полиция департаменті 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдар құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Алматы облысы ПД үй кімге тиесілі екенін нақтыламады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...