Болжам: Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу және сатып алу қымбаттауы мүмкін

Болжам: Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу және сатып алу қымбаттауы мүмкін
03.02.2025 10:49
0
533
Сурет kapital.kz сайтынан алынды
Елде тұрғын үйді жалға алу және сатып алу қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсіреповке сілтеме жасап, lsm.kz жазды.

Ермек Мүсіреповтің айтуынша, ҚҚС ставкасының 20%-ға дейін өсуі шағын құрылыс компанияларының жабылуына әкеледі. Өйткені құрылыс материалдары мен үй салу, сылақ жасау жұмыстарының құны да өседі.

Сондай-ақ ол элиталық және бизнес-кластағы үйлер 10%-ға, комфорт пен эконом кластағы үйлер 5-10%-ға қымбаттауы мүмкін деген болжам айтты.

«Тұрғын үй құнының өсуі халықтың табысы орташа немесе төмен бөлігінің үй алу мүмкіндігін төмендетеді. Сондай-ақ бұл эконом класқа деген сұранысқа әсер етеді. Сондықтан халық жалға алуға көше бастайды. Сәйкесінше, жалға алу тарифтері де 10%-ға артуы мүмкін», - деді Ермек Мүсірепов.

Сонымен қатар, өңірлерде жұмыс істейтін шағын құрылыс компаниялары банкрот болуы мүмкін. Себебі нарықта бәсекелестік күшейеді.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или