БҚО-да далада үсіп өлген ер адамдар туралы тың дерек шықты

16.12.2025 12:52 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
БҚО-да далада үсіп өлген ер адамдар туралы тың дерек шықты
0
859
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында қатты боран кезінде далада жоғалған малын іздеуге шыққан ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Осылайша өңірде үсіп қаза тапқан ауыл тұрғындарының саны төртеуге жетті.

«Орал апталығы» басылымының мәліметінше, 15 желтоқсан күні кешке қарай құтқарушылар жексенбіде жоғалған төртінші адамды тапқан. Марқұм Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда облыс аумағында ауа райы күрт нашарлап, қатты боран соғып тұр. Осыған байланысты құтқару қызметтері тұрғындарды жолға шықпауға және елді мекеннен тыс жерлерге бармауға бірнеше рет ескерткен.

Алайда бес ауыл тұрғыны үй жануарларын іздеу үшін далаға шыққаны анықталған. Өңірлік полицияның хабарлауынша, олардың біреуі ауа райының қолайсыздығына қарамастан көрші елді мекенге жаяу жетпек болған, ал тағы екеуі мал іздеу барысында адасып кеткен.

Іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде үш адамның мәйіті табылып, бір ер адам тірі күйінде анықталған. Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны қол-аяғы қатты үсіп, Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Ал қаза тапқандар Жәнібек, Қазталов және Бөкей ордасы аудандарының оңтүстік бөліктерінің тұрғындары, олардың жастары 57, 35 және 25-те болған.

Бұған дейін жоғалған төртінші ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқан еді. Кейіннен оның да өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий