"Бұл Лидо ма?": Қартайып кеткен отандық әнші жұртты шошытты
2360
Қазақстандық әнші Лидия Досалина, сахналық атымен Лидо, сырт келбетіне қатысты жиі сын айтатын әлеуметтік желі қолданушыларына үн қатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі Instagram желісінде видео жариялап, өзін «жасы ұлғайып кеткендей көрінеді» деген пікірлерге жауап берді. Лидоның айтуынша, бұған дейін мұндай жазбаларға мән бермей, хейтерлермен диалогқа түспеуді жөн көрген. Алайда бұл жолы өз ойын ашық айтуға шешім қабылдаған.
«Биыл мен 45 жасқа толамын. Соңғы кезде кейбір адамдардан жиі мынадай пікірлер естіп жүрмін: “Құдайым-ау, бұл Лидо ма?”, “Қандай қартайып кетіпті”, “Оған не болған?”, “Қатты өзгеріп кеткен”, “Тани алмадым”. Достар, қазір сіздерге ең қорқынышты құпияны ашайын: жер бетіндегі барлық адам қартайады. Қартаю – әлеммен бірге өзгере алмау, заманмен қатар жүрмеу. Ал нағыз қартаю – басқа адамның кез келген өзгерісін қабылдай алмау», – деді әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
12:46
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жары...
12.10.2026
12:38
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» де...
12.10.2026
12:09
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам ...
12.10.2026
11:47
Қазақстан мыс кенін көп өндіреді, бірақ өңдеуге...
12.10.2026
11:40
Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі ...
12.10.2026
11:24
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қа...