“Бұл қашан тоқтайды?: Әлішер Кәрімов халыққа ашулы

07.01.2026 18:13 Берік Арманов Берік Арманов
“Бұл қашан тоқтайды?: Әлішер Кәрімов халыққа ашулы
0
1568
Фото: instagram.com/alisher_k

Танымал әнші Әлішер Кәрімов көшеде түкіретін қазақстандықтарды сынап тастады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған видеосында 40 жасқа толса да, халықтың бір қылығына әлі де үйрене алмай жүргенін айтады. 

“Қай жерде серуендеп, демалсақ та түкірік, сілекей көреміз. Бұл қашан тоқтайды? Біздің халықтың түкірмесе жүре алмайтыны қалыпты жағдайға айналған. Жаңа ғана бір әйел тротуармен келе жатып, түкіріп кетті, бәрі сол жерде сол күйі қалады, қатып қалады, қыста да басқа адамдар жүретін жерде жатады. Мұндай сорақылықты тоқтату керек деп ойлаймын. Сіздер өз туған жеріңізге түкіріп жатырсыздар”, – деді ол. 

Ол мысал ретінде өзге елдерді келтірді.

“Басқа елдерде, мысалы Түркияда, көшеде ешкім түкірмейді. Ол жаққа барғанда сіз де түкірмейсіз. Ал неге осы жаққа келгенде адамдар бұл әдепсіз әдетін жалғастыра береді?” – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий