Бұрынғы Сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаев туралы тың деректермен бөлісті
Қазақстан Кеңес Одағы құлаған соң әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен бас тартқан. Бұл туралы бұрынғы Сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев айтты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ertenmedia.kz-ке сілтемемен.
Саудабаевтың сөзінше, 1990 жылдардың басында Мұаммар Қаддафи бастаған ислам әлемінің бірнеше ықпалды жетекшілері Қазақстанға ядролық қаруды сақтап қалуды ұсынған. Олар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «алғашқы мұсылмандық ядролық держава» атануға шақырып, қарудың барлық шығынын өз мойнына алуға уәде берген.
«Алматы әуежайына долларға толы Boeing 747 қонған кез болды. Қаддафи елшісі бұл ұсынысты нақты әрі қысқаша жеткізді: ядролық қарудан бас тартпай, оны сақтап қалсаңыз, барлық шығындарды біз жабамыз», – деді Саудабаев.
Дегенмен, Назарбаев Батыс елдері мен Ресейдің қысымына төтеп бере алмай, Қазақстан ядролық қарудан толық бас тартқан. Сол кезде Қазақстан аумағында 1000-нан астам ядролық оқтұмсық болған, бұл әлемдегі ең ірі арсеналдардың бірі саналған.
Саудабаев тарихи шешімнің маңызын атап өтіп:
«Егер сол кезде Қазақстан қарудан бас тартпаған болса, бүгінгі әлемдік тәртіптің қандай болатынын ешкім білмес еді», – деп түйіндеді.
Последние новости