«Бұрынғыдай бәрін жеке бақылау мүмкін емес»: Тұрсын Алагөзов бизнеске қатысты тың жоспарын жариялады

04.12.2025 17:17 Айсұлу Мұрат
«Бұрынғыдай бәрін жеке бақылау мүмкін емес»: Тұрсын Алагөзов бизнеске қатысты тың жоспарын жариялады
0
66
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тұрсын Алагөзов

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Forbes Talks басылымына берген сұхбатында алдағы кезеңге арналған ірі жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ол Baiuly Capital Holding атты жаңа холдинг құруды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Алагөзовтың айтуынша, бизнес ауқымының тым кеңеюі оны басқару тәсілін өзгертуге мәжбүр еткен. Қызметкерлер саны бірнеше есе артқандықтан, бұрынғыдай барлық процесті жеке бақылау мүмкін болмай қалған.

«Алкогольсіз сусындар өндірісін ғана жүргізіп жүргенде бәрін өзім басқара алатынмын. Қазір үш бағытта шамамен 5 мың қызметкер жұмыс істейді. Мұндай көлемде бұрынғы әдіс жүрмейді», – деп түсіндірді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол болашақ холдинг атауын кездейсоқ таңдамағанын айтып, ата-бабаларының рухы қолдайды деген ниетпен Baiuly атауын таңдағанын жасырмады. Айта кетейік, Тұрсын Алагөзов Кіші жүздің Байұлы руынан тарайды.

Кәсіпкер халықаралық нарыққа шығу жоспарын да атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта Өзбекстан мен Таяу Шығыс аумағынан бірқатар бизнесті сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий