«Cartier мен Iphone»: Ерке Есмахан бала күтушілеріне қымбат сыйлық сыйлағанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан көмекшілерін туған күндерімен құттықтап, қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Бүгін Исламоктың күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Оларды бөліп-жармайық деп, Батырдың күтушісіне де сый жасадық. Cartier емес, ең алдымен жаңа телефон керек екенін білемін. Сондықтан тосынсый ретінде Iphone 16 алып бердім. Қуаныштан екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап отыр. Екеуін жақсы көремін, адал да қанағатшыл жандар», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Бірі Еркенің жомарттығын үлгі етсе, енді бірі күтушілердің еңбегін бағалағанына ризашылығын жеткізді:
«Ерке сыйласа, демек күтушілері керемет адамдар»,
«Ақшам көп болса, мен де күтуші жалдар едім»,
«Ерке мен Райм бала бағудың қаншалықты ауыр еңбек екенін түсінеді»,
«Өте жомарт жан», - деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





