"Далада қалмас": Ғазизхан Шекербек Арман Дүйсеновтың отбасына қаржылай көмектескісі келмейтінін мәлімдеді

18.11.2025 14:54 Айсұлу Мұрат
0
106
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ғазизхан Шекербек

Далада қалудың аз-ақ алдында қалғанын айтқан марқұмның жары Айсұлу Айданқызының үндеуі әншілерді бей-жай қалдырмаған сыңайлы, деп жазады POLITICO.KZ


Мәселен, Халық әртісі Мақпал Жүнісова Баян Мақсатқызын үй алып беруге шақыра отырып, «болмаса жартысын біз жинап берейік» деп бітім айтқан еді. Бұл бастаманы көп әнші қолдай қоймады. Ал Ғазизхан Шекербек инстаграм парақшасында мынадай жазба жариялаған екен:

«...Жақын жандары қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Дегенмен, соттың шешімі оңынан шықса, Арман ағаның онсыз да әбден есеңгіреп, енді қалпына келіп жатқан жары, қызы мен ұлы далада қалмас еді деген үміт. 
«Өздерің-ақ үй алып бере салмайсыңдар ма?» дейтіндер болса, бірден айта кетейін: олай жасай салу біріншіден оп-оңай шаруа емес. Екіншіден, еліміздегі әділетке сенбеу. Ал біз әлі де сенеміз!», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий