Данияр Әшімбаев: Үкімет бюджеттен қосымша резервтер тапқан тәрізді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың мәлімдеуінше, Үкімет белгілі бір мекемелерге тендер өткізбестен ірі көлемде қаржы бөлген. Бұл Үкіметтің бюджеттен қосымша резервтер тапқанын көрсетеді.
Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-қа тендерсіз негізде келесі сомалар қаралған:
- 139 млн теңге – «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасындағы өзара іс-қимылға талдау және консультациялық қолдау көрсету» үшін;
- 119 млн теңге – «ҚР Дамуының ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді талдамалық сүйемелдеу» мақсатында;
- 113 млн теңге – «Қазақстанды IMD рейтингіне қосу және елдің бәсекеге қабібілеттілік деңгейін талдау үшін статистикалық бақылаулар жүргізуге»;
- 118 млн теңге – «Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеуге»;
- 186 млн теңге – «Өңірлік саясатты, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын эксперттік-талдамалық сүйемелдеу, өңір экономикасының өсу резервтерін анықтау, соның ішінде қалалық және ауылдық елді мекендерде тұрғындардың тұру жайлылығы деңгейін бағалау және мониторингтеу бойынша ұсынымдар әзірлеуге»;
- 78 млн теңге – «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес жауапты бизнес жүргізу мәселелері бойынша Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы қызметтерін іске асыруды талдамалық сүйемелдеуге»;
- 93 млн теңге – «Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп әзірлеуді талдамалық сүйемелдеуге»;
- 189 млн теңге – «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау бойынша зерттеу жүргізуге»;
- 78 млн теңге – «ҚР заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жасауға».
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамына «WorldSkills қозғалысын дамыту қызметтері» үшін 831 млн теңге бөлінген.
Ал «Өркен» Ұлттық ғылыми-практикалық балалар әл-ауқаты институты» КЕАҚ келесі жобаларға қаржы алады:
- 1,7 млрд теңге – «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, орта білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің, буллингтің алдын алу, балалардың қауіпсіздігін, әл-ауқатын және психологиялық қолдауды қамтамасыз ету саласындағы орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған педагогтардың үздіксіз кәсіби даму жүйесін іске асыруды қамтамасыз етуге»;
- 465 млн теңге – «ҚР балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық сүйемелдеу» бағыты аясында орта білім беру саласындағы әдістемелік қамтамасыз етуге.
Ал «Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластерлік қоры «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының дамуын ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» бағдарламасына 0,5 млрд теңгеге аз қаржы алатын болды.
Дереккөз: Данияр Ашимбаев арнасы
Соңғы жаңалықтар




