Дикий Арман ісі бойынша құпия мәліметтер тарауда
Алматы прокуратурасы Арман Жұмагелдиевтің, яғни Дикий Арманның ісі бойынша жабық сот процесі деректерінің таралуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 423-бабына («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не жабық сот талқылауы деректерін жария ету») сәйкес қылмыстық істер тіркелген.
Қылмыстық іс туралы:
- Деректерді жария еткен адамдар анықталмады.
- Кінәлі деп танылғандар ірі айыппұлға (7 млн теңгеден жоғары) немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дикий Арман қаңтар оқиғалары кезінде Алматыда ұсталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, кездейсоқ азаматтарды ұрлау ұйымдастырған. Бас прокуратураның мәліметінше, оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолдап, билікке ультиматум қою үшін көпшілікті басқару міндетін жүктеген.
2023 жылдың қыркүйегінде сот процестің жабық режимде өтетінін хабарлады. Бұл шешім зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.