Димаш Құдайберген тыңдармандары арасында челлендж жариялады

Димаш Құдайберген тыңдармандары арасында челлендж жариялады
08.05.2025 15:49
0
24
Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа "Тау ішінде" бейнебаянының премьерасы туралы сүйінші жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

"Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" – деп жазды әнші.

Димаштың айтуынша, челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде #tauishindechallenge хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау қажет.

Челлендж жеңімпазы 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесу барысында жария етіледі.

"Жүлде – жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", – деп атап өтті өнерпаз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий