Димаштың әжесі оның ел білмейтін ерекшелігін айтты

04.12.2025 09:16 Берік Арманов
Димаштың әжесі оның ел білмейтін ерекшелігін айтты
0
52
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі немересі туралы қызықты дерекпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Димаш тәрбиелі, айтқанды тыңдайтын болғанымен, өз ұстанымынан ешқашан бас тартпайтын қайсар мінезі бар.

«Не айтсақ та орындайды. Бірақ айтқанынан қайтпайтын тастай мінезі бар. Әлі сол қалпы. Бір нәрсені жасаймын десе, міндетті түрде орындайды», – деді ол.

Димаш та әжесінің сөзін растап, өз мінезі туралы қалжыңмен пікір білдірді:

«Кемшілігімді айтайын ба? Мінезім ауыр, қырсықпын, айтқанымнан өліп кетсем де қайтпаймын», – деді әнші.

Әншінің жақындарының бірі оның ерке әрі әзілқой екенін де атап өтті.

«Өзі ерке, еркін. Ешкімге өкпе бағатын емес. Адамның қабағын бағып отырады. Әзілқой – ойнап отырып айта береді. Сол мінезі қазір де сақталған. Мен кейде: олай әзілдей берме, бәрі түсіне бермейді, деп айтамын. Жалпы жаны мейірімді, қолұшын беруге дайын тұрады», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий