Динара Сәтжан мен Мөлдір Мұқанова биімен елді сүйсіндірді

Динара Сәтжан мен Мөлдір Мұқанова биімен елді сүйсіндірді
28.05.2025 16:35
0
162
Фото: instagram.com/moldir.mt

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан мен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Муқанова көз тартарлық көйлектер киіп, Шакирaның әніне көңілді билеп, әлеуметтік желі қолданушыларының жағымды эмоциясына себеп болды, деп хабарлайды  POLITICO.KZ.

Динара Сәтжан мен Мөлдір Мұқанова танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған "Алтын Ханым" байқауының финалында жүргізуші болды.

Салтанатты кеш басталмас бұрын грим бөлмесінде Динара мен Мөлдір көңіл-күйді көтеру үшін Шакирaның Waka Waka әніне көңілді би билеп, оны камераға түсіріп жариялаған. Екеуі де сәнді, көз тартарлық көйлек киген.

«Жұмысымды және әріптестерімді жақсы көремін», – деп жазды Динара Сәтжан.

Бұған дейін ол Мөлдірдің алғаш рет кеш жүргізіп жатқанын атап өткен болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, пікірлер жазды:

«Нағыз алтын қыздар», «Қарап тұра алмайсың – сұлулық, сенімділік пен стиль бір кадрда. Шынымен керемет», «Сұлу қыздар», «Әдемі, бақытты, сүйікті», «Супер!», - деді олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий