Доллар 502 теңге болды: Бұл уақытша өсім бе?

26.02.2026 23:12 Қарақат АСЫЛОВА
Доллар 502 теңге болды: Бұл уақытша өсім бе?
267
Фото: Forbes.kz
Сарапшылар не дейді?

Қазақстан қор нарығында теңге бағамы қайта құбылып, доллар 500 теңгеден асты, деп хабарлайды Politico.kz.

Осыдан небәрі бір апта бұрын 18 ақпанда америкалық валюта 489 теңге деңгейінде болған еді. Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллар 502 теңгеге жетті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс нарықтағы маусымдық факторлармен байланысты. Атап айтқанда, салық кезеңінің аяқталуына байланысты экспорттаушы компаниялар бюджетке төлем жасау үшін бұрынғыдай доллар сатуды тоқтатты. Соның салдарынан валюта ұсынысы азайып, нарықта сұраныс артқан.

Сауда көлемінің жандануы да бағамның өсуіне әсер еткен. Дегенмен қаржы талдаушылары бұл жағдайды жаңа девальвацияның басталуы деп бағаламайды. Олардың айтуынша, бұл – ұзақ уақыт бойы нығайған теңгенің техникалық түзетілуі ғана.

Мамандар тұрғындарды эмоцияға берілмеуге шақырады. Валюта сатып алу немесе жинақтарды долларда сақтау туралы шешім жеке қаржылық мақсат пен инвестициялық жоспарға байланысты қабылдануы тиіс.

Қаржы нарығындағы ахуал алдағы күндері мұнай бағасы, сыртқы нарықтағы жағдай және ішкі экономикалық факторларға тәуелді болмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий