Дональд Трамп: Путиннен жауап осы аптада күтіледі

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресеймен уақытша бітімге келу туралы ұсынысқа Владимир Путиннің жақын арада жауап беруін күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ X әлеуметтік желісіндегі Official Rapid Response парақшасына сілтеме жасап.
– Репортер: Путиннің сіздің бітім туралы ұсынысыңызға жауап беруіне әлі қанша уақыт бар?
– Дональд Трамп: Көре жатармыз... Біз осы аптада олардан жауап күтеміз... Бірақ біз бұл соғыстың тоқтағанын қалаймыз. Біз өлім мен қантөгістің тоқтағанын қалаймыз, – деді Трамп.
Трамп Израильдің Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасау жоспарын мақұлдамағанын растады. Ол бұл шешімнің артында адам шығынын болдырмауға деген ұмтылыс жатқанын атап өтті.
– Репортер: Израильдің Иранға шабуылдау жоспарына қарсы болдыңыз ба?
– Дональд Трамп: Мен оны кері қайтарды деп айтпас едім. Мен бұл әрекетке асықпаймын, себебі Иранның ұлы мемлекетке айналып, өлімсіз, бейбіт өмір сүруге мүмкіндігі бар деп санаймын. Мен соны көргім келеді – бұл менің бірінші таңдауым. Ал егер екінші нұсқаға келсек, ол Иран үшін өте ауыр болмақ... Мен ешкімге зиян келтіретін нәрсе жасағым келмейді... Бірақ Иранның ядролық қаруы болмауы тиіс, – деп мәлімдеді Трамп.
Соңғы жаңалықтар





