Дженнифер Лопес Алматыдағы «шегіртке» туралы айтты

Дженнифер Лопес Алматыдағы «шегіртке» туралы айтты
08.10.2025 15:04
0
58
әлеуметтік желі

Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Алматыда өткен концерті кезінде сахнада болған күлкілі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

10 тамызда өткен концерт кезінде ән айтып тұрған Джей Лоның үстіне кенеттен шегіртке секіріп түскен еді. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап, түрлі мемдер мен әзілдердің нысанына айналды.

The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасында әнші сол видеоны жүргізушімен бірге тамашалап, оқиғаға қатысты өз әсерімен бөлісті.

«Бірдеңе тигендей болды да, мен: "Мүмкін, жай ғана ұшып жүрген шыбын шығар" деп ойладым. Өйткені прожектор жарығында ұсақ жәндіктер жиі ұшып жүреді ғой. Бірақ кейін байқасам, ол ұшып кеткен жоқ — менің үстімде өрмелеп жүр екен!» — деді әнші күліп.

Бағдарлама көрермендері Джей Лоның сахнадағы видеосын көріп, күлкіге қарық болды. Ал Лопестің өзі сол сәтте сабыр сақтап, әнін тоқтатпауға тырысқанын айтты.

«Ол кішкентай аяқтарымен мені қытықтап жатты. Бірақ мен өз-өзіме: "Жарайды, әнді соңына дейін айтып шығайын" дедім. Кейін оны сілкіп тастағанымда жарықта көріп қалдым — ол тіпті тікұшақтай үлкен екен!» — деп әзілдеді Дженнифер.

Оқиға желіде кеңінен таралып, қазақстандық тыңдармандардың да сүйікті тақырыбына айналды. Көпшілік Лопестің кәсіби шеберлігі мен сабырлы мінезін жоғары бағалады.

«Менің орнымда болсам, айқайлап сахнадан қашып кетер едім. Ал ол сабырмен әнін жалғастырды!» — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Дженнифер Лопес мұндай күтпеген жайттардың концерт өмірінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті:

«Сахнада не боларын ешқашан білмейсің. Ең бастысы — әніңді соңына дейін орындап, көрерменге әсерлі шоу сыйлау», — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий