Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек шықты

13.01.2026 09:34 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек шықты
0
881
Фото: коллаж politico.kz

Шымкентте 21 жастағы студент қыздың қаза табуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен 29 жастағы танысының қолынан көз жұмған, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаза болған бойжеткен – 21 жастағы Нұрай Серікбай. Ол ата-анасымен бірге тұрған, үш баланың кенжесі болған. Қыздың денесі күндіз туыстарына тапсырылып, марқұм туған жері – Түркістан облысының Төрткөл ауылына жерлеуге жеткізілді.

Марқұмның жақындарының айтуынша, Нұрай аса қатыгездікпен өлтірілген.

«Қызымызды айуандықпен өлтірді. Бұл – отбасы үшін орны толмас қайғы. Ең сорақысы – күдікті әлі қолға түскен жоқ», – деді марқұмның туысы Кәрім Кенжетаев.

Оқиға орнына барған куәгерлердің сөзінше, қылмыс 18:40 шамасында болған. Нұрай үйінен шыққан сәтте 29 жастағы жігітпен кездесіп, екеуінің арасында жанжал туындаған. Куәгерлердің айтуынша, жігіт алдымен қызды ұрып, кейін бірнеше рет пышақтаған. Қыздың беті, қолы, арқасы мен іш тұсынан ауыр жарақат алғаны айтылды.

Оқиғаны көріп қалған тұрғындардың бірі айқай салғанда, күдікті қашып кеткен. Алайда көп ұзамай қайта оралып, тағы бірнеше рет пышақ сұққан. Бойжеткен сол жерде жан тапсырған. Ал күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Көршілердің айтуынша, бұл алғашқы жанжал емес. Соңғы екі-үш күн бойы марқұм мен күдіктінің арасында ұрыс-керіс болған. Олардың айғайын бірнеше тұрғын естіген.

Оқиғадан кейін аумақ полиция тарапынан қоршауға алынып, тұрғындар біраз уақыт үйлеріне кіре алмаған. Куәгерлер бұл көріністен қатты күйзеліске түскендерін айтады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы шымкенттік тұрғынды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіріп-шығатын жолдарда бақылау күшейтіліп, аумақ толықтай тексерілді. Күдікті қала шетінен шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық аумақтан табылып, ұсталды", – делінген полиция хабарламасында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий