Екі қыз секіріп кеткен шатырдан ұйықтататын дәрілер мен пышақтар табылды

Екі қыз секіріп кеткен шатырдан ұйықтататын дәрілер мен пышақтар табылды
17.09.2024 10:26
0
478
Алматыда 7-сынып оқушылары 8-қабаттан құлап қаза тапқан оқиғаның куәгерлері жаңа деректерді бөлісті, деп хабарлады politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Тұрғындар жеткіншектер секіріп кеткен жерден адамның бұлшық етін босатып, ұйықтататын әсері бар бірнеше дәрі тауып алған. Қазір оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Әзірге белгілісі – екі оқушы сабақ ортасында мектептен шығып кеткен. Тоғыз қабатты тұрғын үй қазір құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мектеп формасын киген екі қыз үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Таңғы сағат 10 шамасында жасөспірімдер көтеріңкі көңіл-күймен подъездердің біріне кіріп кеткен.
Біреуінің беті төмен қарап жатты. Мен оларды танымаймын. 25-мектептен дейді. Біреуі күрте киген. Екіншісі рюкзакпен болды, – дейді оқиға куәгері Галина Васильева.
Куәгерлердің айтуынша, қыздар шатырда жарты сағаттай болған. Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар шатырдан белгісіз препараттарды тауып алған.
Ұйықтататын дәрілер, пышақтар, аяқ киімдер бар. Қысқасы, олар дайындалып келген. Оның үстіне олар құлаған кезде айқайлаған жоқ. Түсінесіз бе? Олар бірдеңе тұтынған, – дейді оқиға куәгері.
Бұл уақытта оқушы қыздардың неліктен сабақта болмағаны әзірге белгісіз. Олар оқитын гимназия әкімшілігі түсінік беруден бас тартты. Ал қалалық білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізіп жатыр, арнайы комиссия құрылған.
Бүгін Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрды, – деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.
Сондай-ақ Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің шатырлары мен оларға кіру жолдары тексерілетін болады.
Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Фото: Orda.kz
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или