«Махаббат па?»: Аян Өтепберген мен Ақбота-Нұрдың видеосы дау тудырды

05.01.2026 09:37 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Махаббат па?»: Аян Өтепберген мен Ақбота-Нұрдың видеосы дау тудырды
0
149
Коллаж: Politico.kz

Актер Аян Өтепберген мен актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттің бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде түрлі пікірге себеп болды. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, сын да, қолдау да қатар айтылып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иелері жуырда көрерменге жол тартатын «Соңғы махаббат» фильмінде басты рөлдерді сомдайды. Аталған туынды аясында өткен фотосессия кезінде түсірілген видеоны Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Актриса жазба астында:


«Фильм — тек сценарий емес. Ол актерлердің сезімі, режиссердің көзқарасы және әрбір сәтке құйылған жанкешті еңбек», — деп жазды.

Алайда бейнежазба желі қолданушыларының бір бөлігіне ұнамай, түрлі сын пікірлер қалдырылды. Кейбір оқырмандар актерлер арасындағы жақын қарым-қатынасты артық деп бағаласа, енді бірі актердің отбасылық жағдайын алға тартты.

Пікірлер арасында:

«Нағыз махаббатпен қарап тұрғандай», «Осындай кадрларды көргенде актердің әйелі болмағаныма шүкір деймін», «Әйелі қалай қызғанбайды?», «Тек жігітпен жабысып түсетін киноларға түсе ме?» деген жазбалар кездеседі.

Десе де, бірқатар көрермен бұл кадрлардың барлығы кино рөлі аясындағы кәсіби жұмыс екенін атап өтіп, өнер адамдарының шығармашылығына түсіністікпен қарау қажет екенін айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий