Елімізде ресми тіркелген жұмыссыздардың өзі артып келеді
889
Бүгін Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлады politico.kz.
Биылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% қамтыды).
Республика экономикасының әтүрлі салаларында 9 190,4 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6 971-і (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,9%-ы) жалдамалы қызметкер болса, 2 219,4 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,1%) - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,9%-ды қамтыды.
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды қамтып отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы шілде айының соңына 338,7 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,5%-ын қамтыды.
Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...