"Емдету керек". Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас туралы қатты айтты
2275
Белгілі әнші, қазақ эстрадасының майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы ол берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің айтуынша, Қайрат Нұртасқа демалып, дауысын күтуге уақыт керек.
«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса, халық мұнша көтерілмес еді. Халық айтса, қалып айтпайды. Ол ырғақты сезеді, өзіне тән ыңырсу мәнерін тапқан. Оның дауысы қобызға ұқсайды, біздің жанымызға жақын элементтер бар», – деді Медеу Арынбаев.
Ол сонымен қатар әншінің дауысын сақтап қалу – үлкен еңбекті талап ететінін атап өтті.
«Қайрат фониатрға барып, дауысын емдетуі керек. Бұл – еңбек. Біз сияқты айына немесе аптасына бір рет қана шықпайды. Ол күн сайын жолда, тойда, түрлі шарада жүр. Бұл оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді», – деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...