Эммануэль Макрон Тоқаевпен не талқылағанын қазақша жазды

ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН ТОҚАЕВПЕН ӘҢГІМЕСІ ЖАЙЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАЗБА ЖАРИЯЛАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.
Франция Президенті Эммануэль Макрон өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені туралы қазақ тілінде жазба жариялады. Бұл жазбада екі ел көшбасшыларының стратегиялық әріптестікті нығайту және халықаралық жағдайды талқылағаны айтылған.
Франция лидерінің қазақ тіліндегі жазбасы еш өзгеріссіз төмендегідей жарияланды:
«Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті Тоқаев мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді.», – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар





