Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыртуға болады
705
Ел азаматтарына мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Politico.kz.
Азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекен жай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.
Пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «Жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет.
Сондай-ақ өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысқа шығады. Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған едік. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы сервис, - деді Азаматтарға арналған үкіметтің Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Айта кетейік, Конституция күні - 30 тамыз, жұма күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді. Фото: Osken-onir.kz
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
22:21
Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі қуаныш ту...
18.09.2026
21:57
Салтанат Байқошқарова: Ауылдағы баласы көп әжен...
18.09.2026
21:48
“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстаз...
18.09.2026
21:29
Тамаққа 49 мың құмырсқа қосқан мейрамхана айыпп...
18.09.2026
21:17
"Ағзам сау, бірақ тірі өлікпін". Дана Нұржігіт ...
18.09.2026
20:57
Дана Нұржігіт: Екінші рет тұрмысқа шыққаным – ө...