"Ер адам әйелінің маңдайынан сүйген": Сауд Арабиясында Бангладештің екі азаматы өлім жазасына кесілді

Фото: коллаж politico.kz

Сауд Арабиясында Меккедегі мешіттердің бірінде «әдепсіз әрекет жасады» деп айыпталған Бангладештің қос азаматына қатысты шығарылған өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, үкім Назрул Ислам Басир мен Сити Ахтар есімді азаматтарға қатысты Мекке аймағында жүзеге асырылған. Ресми хабарламада олардың «қасиетті мекеннің киесін бұзып, мешіт аумағында ауыр әдепсіз қылыққа барғаны» ғана айтылып, оқиғаның нақты егжей-тегжейі толық жарияланбады.

Шариғат соты істі қарап, екі азаматқа да «тағзир» (қазының үкімімен тағайындалатын ең ауыр жаза) бойынша өлім жазасын тағайындаған. Кейін бұл шешімді Жоғарғы сот мақұлдап, орындауға корольдік жарлық шыққан.

Бұл оқиға дипломатиялық дауға ұласты. Бангладештің Жидда қаласындағы Бас консулдығы жазаның орындалатыны туралы алдын ала ескерту алмағанын айтып, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолдады. Бангладеш тарапы сот процесінің жабық өтуіне және өлім жазасының орындалуына қатысты ресми түсініктеме талап етуде.

Кейбір басылымдар ер адам әйелінің маңдайынан ғана сүйгенін жазды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу