«Ер адамның алдында бұралаңдап»: Желіде Мадина Сәдуақасованың биі қызу талқыға түсті
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде жарияланған би видеосынан кейін көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде оның әнші Ахтамбек Юлдашевпен бірге түскен бейнежазбасы тараған. Онда әншінің дастархан басында отырып билеген сәті көрінеді. Алайда өнер иесінің бұл қылығы желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Оқырмандар видео астына: «Өзбек салтында ер азаматтардың алдында бұлай билеу әдепсіздік саналады, сенің мына отырысыңнан Ахтамбектің өзі ұялып отыр», «Ер адамның алдында сонша бұралаңдап не көрінді?», «Неге сонша бұраңдап отыр, қылығы ұят, біртүрлі екен», «Қазақ қыздары неге ұстамды болмайсыңдар?», «Мынау не отырыс, қазақтың қызына жарасымды дүние емес қандай жағдай болса да», деп реніштерін білдірді.
Кейбір желі оқырмандары өнер иесін ақтап алуға тырысқанымен, көпшілік сахна саңлақтарының қоғамда өзін ұстау әдебіне аса мән беруі керектігін ескертті.
Соңғы жаңалықтар