Ерке Есмахан күйеуінің ғашықтар күніне берген сыйлығын көрсетіп мақтанды

Ерке Есмахан күйеуінің ғашықтар күніне берген сыйлығын көрсетіп мақтанды
16.04.2025 13:04
0
23
коллаж politico.kz

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан ғашықтар күніне орай күйеуінен алған ерекше сыйлықты әлеуметтік желіде көпшілікке көрсетті,  деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі жұбайының сыйлаған көлемді сирень гүл шоғын Instagram парақшасында бөлісіп, оқырмандарының назарын аударды.

Желі қолданушылары әншінің бұл сыйлығын қызу талқылап, түрлі пікірлер қалдырды. Кейбіреулер гүл шоғын көркемдік жағынан жоғары бағаласа, енді біреулері табиғатқа жанашырлық танытып, гүлдің көлеміне қатысты алаңдаушылық білдірді. “Керемет букет екен. Десе де ағашқа обал”, – деп жазды қолданушылардың бірі.

Ерке Есмахан бұл пікірлерге орай өз ойын білдіріп, қыз-келіншектерге жылы кеңес айтты. “Қыздар, неге өздеріңізден үлкен букетті аяйсыздар! Сосын күйеуім ештеңе сыйламайды деп ренжисіздер. Мен мысалы, ‘неге ағашын түбімен жұлып әкелмедің’ деп еркеледім”, – деп қалжыңмен жауап қайтарды әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий