Ерке Есмахан үйін жинаған әйелді видеоға түсіргені үшін сынға қалды

Ерке Есмахан үйін жинаған әйелді видеоға түсіргені үшін сынға қалды
27.05.2025 17:34
0
454

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан үйін жинастырып жүрген қызметкердің видеосын әлеуметтік желіге жариялап, жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды  POLITICO.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін орынсыз деп бағалап, сынға алды. Олар мұндай сәттерді көпшілікке көрсетудің әбестік екенін атап өтті.

“Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді”, – деп жазды қолданушылардың бірі.

Кейіннен Ерке Есмахан бұл видеоны жарнама мақсатында түсіргенін айтып, сынға жауап берді.

“Бұл — жұмыс, таза еңбек. Жарнама үшін түсірдік. Мен түсірсін деп жинап жүр негізі. Адам намыстанбай, білмегенін сұраса, нұр үстіне нұр еді. Қазақтың әйелдері қарапайым дүниелерді білмей жатады. Менің үй тазалатқанымды талқылау — ұят. Мен дүние жүзін аралап, жоқты да барды көргенмін. Бірақ асып-тасымаймын. Әлі де ізденістемін. Сіздер де заман ағымынан қалмаңыздар”, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Желіде қызу талқыға түскен бұл жағдай өнер иесінің оқырмандарымен қарым-қатынасына әсер еткені байқалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий