Ерке Есмахан жан сырын ақтарып, жылап қалды

Ерке Есмахан жан сырын ақтарып, жылап қалды
25.07.2025 18:52
0
450
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның өзіне жасаған сыйлығы жүрегін елжіреткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ерке жолдасы жүктілік кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетіп, көңіл-күйін көтеруге тырысқанын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы айларда ауырсыну күшейген кезде күйеуі түрлі сыйлықтар жасап, қолдау білдірген. Тіпті баласын қырқынан шығару рәсімінде де сыйлық берген.

"2 жылда 2 бала босану оңай емес. Оны түсінген күйеуім, Батырға аяғым ауыр кезде көңіл-күйімді көтеру үшін бәрін жасады. Өздеріңіз куәсіздер. Соңғы айларда қатты ауырсынып жүргенде сыйлықты жаудырды. Қырқынан шығару кезінде де сыйлық алып берді. Әлі ашпадым да, тақпадым. Баршаңызға байдың қатыны болуды тіледім", – деп жазды әнші.

Дегенмен Ерке Есмахан үшін ең ерекше сый – күйеуінің оған арнап ән шығаруы болған.

"Жақында күйеуімнің барлық сыйлығын ысырып қоя салдым. Өйткені, жолдасым маған баға жетпес сыйлық дайындады. Менің сахнаны сағынғанымды сезіп, өнер адамы екенімді айтып, студияға апарды. Маған арнап жазған әнін тыңдатып, еңкілдеп, жылап алдым. Бұл – мен үшін ең үлкен сый. Жақын арада сіздер де тыңдайсыздар. Райм, мен сені сүйемін", – деді Ерке.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында жылы лебізге ие болды. Көпшілік Еркенің бақытын тілеп, жұптың махаббатына сүйсінді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий